![БҰҰ-ның 70 жылдығы ҚазҰУ қалашығында аталып өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46522.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай «Берік БҰҰ-мен әлем де жақсарады» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны БҰҰ-ның «Академиялық ықпалдастық» атты Ғаламдық Хаб бағдарламасы барысында ҚР БҒМ, ҚР СІМ, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Айта кету керек, ҚазҰУ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасына қабылданған Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны.
Конференцияға арнайы шақырылған қонақтар қатарында БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, дипломатиялық миссия төрағалары мен халықаралық ұйымдар мүшелері болды.
Шара барысында БҰҰ-ның ғаламдық бейбітшілік пен қорғаныс рөлі, тұрақты даму белсенділігі, ғаламшардың экологиялық қорғанысы, адам құқығының қорғалуы мен әлемдегі демократиялық құндылықтар, сонымен қатар, БҰҰ мен Қазақстан қарым-қатынасын нығайту сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.
Конференция «БҰҰ – бұл біз» атты студенттік акциясымен басталып, «БҰҰ: 70 жыл бойы фотосуретте» фотокөрмесімен аяқталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ-ның 70 жылдығы ҚазҰУ қалашығында аталып өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96206/)