![Денис Тен мен Брайан Жубер Франция күні аясында «Медеу» мұз айдынында өнер көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46564.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Денис Тен және 2007 жылғы Әлем чемпионы франциялық Брайан Жубер Франция күні аясында Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында өнер көрсетеді, деп хабарлайды sk-sport.kz.
Сондай-ақ, бұл кешке Александр Любченко, Жан-Дени Санши мен Анна Овчарова да қатысады.
Франциялық альянстың қолдауымен өтетін аталмыш фестиваль 7-наурыз күні Шымбұлақта күндізгі сағат 10:00 басталып, Медеуде мұз айдынында жалғасын табады.
Ал, кешкі сағат 19.00-да «Медеу» мұз айдынында мұз шоуы өткізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Денис Тен мен Брайан Жубер Франция күні аясында «Медеу» мұз айдынында өнер көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96248/)