![Наурыз айындағы мерекелерде қазақстандықтар сегіз күн демалады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46572.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан халқы 8-наурыз мерекесінде үш күн - 7, 8 және 9 наурызда демалады. 8 наурыз жексенбі күніне түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі - 9 наурызға шегеріледі.
21-23 наурызда тойланатын Наурыз мейрамында қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында 5 күн демалатын болады.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» ҚР Заңына сәйкес мереке аптаның демалыс күндеріне cәйкес келсе, демалыс күні мейрам күнінен кейінгі жұмыс күніне шегеріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурыз айындағы мерекелерде қазақстандықтар сегіз күн демалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96256/)