![Қазақстан жастар құрамасы Эстония және Финляндия құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46596.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Саулюс Ширмялис шәкірттері 25 наурызда Хельсингде Финляндия жастар құрамасымен, ал, 30 наурызда Таллинде Эстония футболшыларымен кездеседі. Бұл туралы Футбол федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
- Біз скандинавиялық ойын үлгісін дәріптейтін командалармен ойнаймыз, - деп қарсыласты таңдауын түсіндіреді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис. – Финляндия – бұл Норвегия құрамасмының шағын көшірмесі, біз олармен ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде кездесеміз. Дәл осындай ойын үлгісін эстониялық футболшылар да ұсынады.
Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде Англия, Норвегия, Швейцария, Босния және Герцеговинамен бір топта ойнайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан жастар құрамасы Эстония және Финляндия құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96280/)