![Қанат Исламның кезекті қарсыласы белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46629.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қазақстан боксшысы Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды.
Boxrec.com сайты тарақтан ақпаратқа сүйенсек, Қанаттың қарсыласы 23 жастағы колумбиялық – Карлос Гальван. Ол осыған дейін 13 кездесу өткізіп, екі жекпе-жегінде жеңіліп, бір кездесуінде тең түскен.
Қанат Ислам осыған дейінгі 18 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ислам соңғы жекпе-жегінде тағы бір колумбиялық Фидель Муньосты жеңген.
Карлос Гальванмен өтетін жекпе-жек Қанаттың 2015 жылға жоспарланған алғашқы, ал, жалпы 19-шы жекпе-жегі.
Қанат Ислам мен Карлос Гальван арасындағы жекпе-жек 23 наурыз күні Колумбияда өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанат Исламның кезекті қарсыласы белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96313/)