23 наурызда Қанат Ислам колумбиялық Орландо Хесус Эстрадамен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

23 наурызда Қанат Ислам колумбиялық Орландо Хесус Эстрадамен кездеседі

12.03.2015
23 наурызда Қанат Ислам колумбиялық Орландо Хесус Эстрадамен кездеседі

Бастапқыда Қанат атағы шыға қоймаған колумбиялық боксшы Карлос Гальванмен (10-2-1, 9 КО) кездесуі тиіс еді, бірақ белгісіз себептермен ол жекпе-жектен бас тартты.

Енді қазақстандық кәсіпқой боксшының 23 наурызда басқа колумбиялық боксшы Орландо Хесус Эстрадамен (11-6-1, 9 КО) жұдырықтасатыны белгілі болды. Ол Қанат Исламға тиесілі WBA Fedelation титулы үшін бақ таластырады.

Орландо Де Хесус Эстрада бірінші орта салмақ боксшылары арасында рейтингте 354-ші орында.

Хабарламаларға жазылу