![Президентке кандидаттардың саны 21 адамға жетті – Владимир Фосс](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46761.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Владимир Фосстың айтуынша кандидаттардың 18-і сайлауға өзін-өзі, ал, Н.Назарбаевты «Нұр Отан» партиясы, Т.Сыздықовты Қазақстанның коммунистік халық партиясы ұсынған. Қазіргі уақытта олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексеріліп, кейбірі лингистикалық комиссияға сынақ тапсыру үстінде.
«Сегіз кандидатты тіркеуден бас тартылды. Олардың 2-еуінің жасы Конституцияға сәйкес сайлауға түсу жасына толмаған. Алтауы лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады. 4 адам лингвистикалық комиссия сынағын тапсырды. Олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексерілді. Олар қазіргі уақытта сенімді тұлғаларын тіркеп, қол жинау жұмысымен айналысуда», - деді В.Фосс.
Бүгін М.Телебеков, Ә.Құсайынов, С.Мұқаш және Асылбек Амантай Орталық сайлау комиссиясына келіп, президенттікке кандидат ретінде тіркелген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президентке кандидаттардың саны 21 адамға жетті – Владимир Фосс&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96445/)