![«Жан жылуы» хабарында – Мәрия Рахманның тағдыры](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46786.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәрия Рахман арқасының қисық біткенінен зардап көріп жүрген бүлдіршін. Оның өзі де, сөзі де салмақты. Өмір ерте есейткен Мәрия: «Арқам ауырған кезде, анам уайымдайды. Мен көбіне ауырғанын жасырамын...»,-дейді.
Қатарластарынан кеш дамып келе жатқан сәбиінің жан күйзелісіне қиналған анасы: «Кейде Мәрия «Мама, мені қисық деп айтты»,-деп жылап келеді. Мен оған «Сен – сұлусың, сол себепті олар сені қызғанады»,-деп мақтаймын...»,-дейді.
Бүгін 17.00-де «Жан жылуы» хабарынан Мәрия Рахманның тағдыры туралы біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жан жылуы» хабарында – Мәрия Рахманның тағдыры&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96470/)