![«Мәдениет» журналының 10 жылдығына арналған концертті тамашалаңыз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46806.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәдениетсіз адам болса да, мәдениетсіз ел болмайды. Ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын, ұлтымыздың терең тарихымен қоса өрілген сол көне мәдениетімізден бастап, оның жетістігі мен кемшін тұстары, жалпы бүгінгі хал-ахуалы қалың оқырмандардың назарынан тыс қалмауы керек.
«Мәдениет» журналы да қазақ мәдениетінің барлық саласын – кино, театр, сурет, сәулет, музыка, археология, көрермен мәдениеті, қолөнер, қысқасы, саясат мәдениетінен бастап тұрмыстық мәдениет аралығындағы мәселелерге дейін проблемалы мақалалар жариялап келеді.
«Мәдениет» журналы – шыға бастаған он жыл ішінде республикаға белгілі болып, қалың көпшіліктің көңілінен шыққан басылымдардың біріне айналып отыр.
Журналдың 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған концертті бүгін Ұлттық арнадан сағат 18.50-де тамашалаңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мәдениет» журналының 10 жылдығына арналған концертті тамашалаңыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96490/)