![Астанада Айгүл Қосанованың жеке ән кеші өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46817.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
19 наурыз күні Астанадағы «Конгрес-Холл» сарайында жезтаңдай әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанованың «Айдыны шалқар аққумын» атты жеке ән кеші өтеді.
Концертте әнші репертуарындағы ән-термелер мен танымал халық әндері және жаңа шығармалар оркестр сүйемелдеуімен орындалады.
Сондай-ақ, кеш барысында әншінің өнердегі әріптестері, қазақтың дәстүрлі ән-жыр мектебінің өкілдері Ардақ Балажанова, Еркін Шүкіман, Ардақ Исатаева және Клара Төленбаева өнер көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Айгүл Қосанованың жеке ән кеші өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96501/)