![Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо жекпе-жегінің билеттер бағасы белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46860.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биылғы жылдың 2 мамыр күні Лас-Вегасда кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасында өтетін жекпе-жектің билеттер бағасы белгілі болды. Бұл бокс тарихындағы ең қымбат баға деп аталуда.
Аталмыш жекпе-жекті аренадан көру үшін кемінде 1500 доллар жұмсауы қажет. Егер, жекпе-жекті алдыңғы қатардан көргісі келсе, билет үшін 7500 доллар төлеуі керек, деп хабарлайды Daily Mail баслымы.
Жекпе-жектің келісімшарты бойынша, Мейвезердің гонорары 150 миллион доллар болса, Пакьяо 100 миллион доллар алады. Сондай-ақ, екі тарап реванш кездесуін күзде өткізуі мүмкін.
Еске сала кетейік, 2 мамыр күні боксшылар орта салмақтағы WBA, WBC және WBO белбеуі үшін рингке шығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо жекпе-жегінің билеттер бағасы белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96544/)