![Астанада «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының тұсаукесері өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46903.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанға белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаевтың жаңа еңбегі – «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының тұсаукесері ертең Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
Кітап қазақстандық спортшылардың 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы толағай табысы туралы баяндайды. Сондай-ақ, «Сочи-2014» қысқы Олимпиада ойындары жайында мәліметтер қамтылған. Кітапта мыңға жуық фотосурет басылып шықты.
Тұсаукесер рәсіміне танымал спортшылар мен Лондонда атой салған олимпиадашылар қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының тұсаукесері өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96587/)