![Астанада «Arlan» ұлттық аяқ киімдер өндіретін цех ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46939.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Самғау Нәсіпхан - жас кәсіпкер. Бүгінде ұлттық ою-өрнектермен әдемі безендірілген аяқ киімдер тігеді. Теріден жасалатын аяқ киімдерге өнер ұжымдары көптеп тапсырыс беруде. Сондай-ақ, мұнда балаларға арналған ортопедиялық аяқ киімдер де бар.
«Біз бұл кәсіпті Өскеменнен Астанаға арнайы келіп бастадық. Ондағы мақсат - аяқ киім жасау кәсібін республикалық деңгейде дамыту. Біз «Arlan» деген ұлттық брендпен өнім шығарамыз»,-дейді кәсіпкер.
Күн санап елімізде отандық өнімнің саны да, сапасы да артып келеді. Жақын арада «Arlan» ұлттық аяқ киімдер өндіретін жаңа цех ашылмақ.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Arlan» ұлттық аяқ киімдер өндіретін цех ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96623/)