![Астанада «Қазақстандық өнімдер» VI форумы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47004.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
15 сәуір күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Қазақстандық өнімдер» VI форумы өтеді.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның ұйымдастыруымен өтетін іс-шараға әлемдік және отандық өндірістік кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес даму институттары, сондай-ақ, барлық ірі компаниялар қатыса алады.
Форумның мақсаты – отандық өнеркәсіп пен «Қазақмыс» компаниясы арасында өнім жеткізілімі, жаңа технологияны енгізу және ынтымақтастықты нығайту барысында диалогтық алаң жасау.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Қазақстандық өнімдер» VI форумы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96688/)