![Өмірқұл Айниязовтың шығармашылық кешін көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47067.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өмірқұл Айниязов – «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Мәдениет қайраткері. Көпшілікке «Ақтанкерейдің термесі», Жиенбай жыраудың «Қыздар-ай, халық әні «Ақжайнақ», Бейбіт Оралұлының «Елім-ай», Тұрмағанбеттің «Ел үші туған ер болсаң» термелерімен аты танымал болған әншілердің бірі.
Ол – дәстүрлі әндерді қазіргі заманға лайықтап, жаңаша бағытта насихаттап жүрген өнер иесі. Ақтанкерейдің термесі Өмірқұл Айниязовтың өнердегі жолын ашып, әншінің бойтұмарына айналды.
Сондай-ақ, ол Бейбіт Оралұлының «Елім-ай» әнімен де шетелге сапарларында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13.20-да әншінің «Елім, елім-ай!» атты шығармашылық кешін көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өмірқұл Айниязовтың шығармашылық кешін көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96751/)