![Неміс бала бақшасының тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47080.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада «№46 Неміс балалар бақшасы мектеп-гимназиясы» кешенінің тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті.
Бүлдіршіндер тәрбиешілерімен бірге көшпенділер тарихынан сыр шертетін театрландырылған көріністі сахналады. Ал, «Көктем ару және Наурыз» ертегі-спектаклінде балалар елге, елдің дәстүріне деген құрметін танытты.
Шара барысында Қазақ еліндегі түрлі этностардың салты, дәстүрі, ұлттық тағамдары бойынша ақпарат беретін сайыс ұйымдастырылды.
Балалар ата-аналарымен бірге түрлі сайыстарға белсенді қатысып, ұлтымыздың салт-дәстүрі, ұлттық ойындар, наурыз көженің тарихы, жасалу жолдарымен танысты.
Сондай-ақ, домбыра тартылып, ән айтылды, би биленді.
Фото: Елена Иванова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Неміс бала бақшасының тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96764/)