![Құрмаш Маханов: Ән шығару – үлкен жауапкершілік](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47091.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жуырда Тайландқа барып, «Шаттығым» деген әнге бейнебаян түсіріп қайтқан әнші Құрмаш Маханов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.
«Шығармашылықтағы жаңалықтың басы осы – бейнебаян. Одан бөлек, жаңа әндер жазылып жатыр. Алда жеке концерт беру де жоспарда бар»,-дейді.
Халыққа Құрмаш болып танылған әншінің азан шақырып қойылған есімі – Құрманбай. «Қазақтың балаға қысқартып есім қоятын әдеті бар. Оның үстіне менің балалық шағымда «Көксерек» фильмінің халыққа кеңінен таралып жатқан кезі. Туындыда басты кейіпкер Құрмаш болғандықтан, осы есім жатталып қалды»,-дейді әнші.
«Бүгінде талантты жастар баршылық. Әр заманның өзгешелігі бар, талабы басқа. Сондықтан болар, қазіргі жастардың мүмкіндігі көп»,-дейді әнші.
«Мен өзімді сазгер деуге жүрексінемін. Себебі, халыққа алдымен орындаушы, әнші ретінде танылдық. Ән шығару – үлкен жауапкершілік. Бүкіл ұлттың, халықтың мәдениетін дамытатын дүние. Сол себепті, халықтың көңілінен шығуға лайықты ән болуы керек».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құрмаш Маханов: Ән шығару – үлкен жауапкершілік&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96775/)