![«Абай және қазақ болашағы» атты кітап жарық көрді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47126.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Таяуда «Абай және қазақ болашағы» атты кітап жарық көрді. Еңбектің авторы ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбден.
Қазақтың идеалы – Абай. Кітапта Абайдың қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Сондай-ақ, Қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев сияқты 30-ға жуық тарихи ұлы тұлғалар туралы қысқаша мəліметтер беріледі.
Әр қара сөздің мазмұны екі бөліктен тұрады. Біріншісі – мəселенің қазіргі жағдайы қалай, екіншісі – не істеу керек, деген сұраққа жауап іздеп, ұсыныстар беру. Соның арқасында Қазақстанды, яғни, Қазақ елін жаңа өркениетке, ізгілендіру қоғамына көтеру – автордың негізгі мақсаты.
Сөз соңында адамзаттың XXI ғасырда өмір сүру жолдары ұсынылған. Яғни, рухани-мәдени, ғылыми-технологиялық революция, экология, ғарышты игеру, қауіпсіздік, экономика туралы алға жетелейтін базалық құндылықтардың тетіктері қарастырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Абай және қазақ болашағы» атты кітап жарық көрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96810/)