![«Сардар» драмасын көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47147.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Фильмнің оқиға желісі XVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде өрбиді. Құлжа мен Ақберді есімді екі дос бір ауылда туып-өседі. Қазақ жеріне аты тараған айбынды қазақ батыры Құлжаның әкесі Қангерей жоңғарлардың тұтқынына түседі.
Ер жетіп, бойларына күш-қуат жинаған Құлжа мен Ақберді Қангерейді тұтқыннан босатып, жоңғарлардың қоластындағы жаһан даланың тәуелсіздігі үшін күресуге бел буады.
Тұңғышбай Әл-Тарази, Қуандық Қыстықбаев, Ержан Нұрымбет, Сана Шандыбаева сынды актерлер ойнаған тарихи драманы бүгін 00.55-те көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сардар» драмасын көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96831/)