![Денис Тен Әлем чемпионатында қола медаль иеленді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47205.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Әлем чемпионатында ерлер арасында еркін бағдарлама бойынша жарыс өтті. Оның қорытындысы бойынша Денис Тен 181,83 ұпай жинап, 1-ші орын иеленді. Алайда, жалпы есепте Денис 267,72 ұпаймен 3-ші орынға табан тіреп, Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Ал, қос бағдарламаның қорытындысы бойынша 273,90 ұпай иеленген испаниялық Хавьер Эрнандес Әлем чемпионы атанды. Екінші орында – Сочи Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юдзуру Ханю (271,08 ұпай).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Денис Тен Әлем чемпионатында қола медаль иеленді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96889/)