![Шымкентте дзюдодан халықаралық турнир өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47290.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Спорттық шара Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Ресупбликасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналмақ.
Дзюдодан Шымкент ашық біріншілігі Оңтүстік Қазақстан облыстық дзюдо федерациясының және күрес түрлерінен № 10 мамандандырылған балалар мен жәсөспірімдер мектебінің қолдауымен өтеді. Турнирге 1995-1996 жылдары туған спортшылары қатысады.
«Бұл спорттық сайыстың мәні — көршілес елдердің өзара ынтымағы мен қарым-қатынасын нығайтып, жасөспірім спортшылардың біліктілігін шыңдау», - дейді жарысты ұйымдастырушылар. Сонымен қатар аталмыш шара қала тұрғындарын салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейді.
kz.otyrar.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте дзюдодан халықаралық турнир өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96974/)