![Хьюстонда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күнтізбесі белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47301.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2015 жылы АҚШ-та өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күнтізбесін жариялады.
Ауыр атлетикандан биылғы Әлем чемпионаты 20-қарашада басталып, 28-қарашада аяқталады. 2015 жылғы Әлем біріншілігі ерлер арасында 82, ал әйелдер арасында 25 рет ұйымдастырылуда.
Хьюстондағы Әлем біріншілігінде ерлер 8, әйелдер 7 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Айта кетейік, 2014 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 3 алтын және 2 қола медаль еншілеген болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Хьюстонда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күнтізбесі белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96985/)