![Жұлдызшылар ауа райын қалай болжап отыр?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47350.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл егіншілер мол өнім алудан үмітті. Синоптиктердің болжамынша, көктем, жаз айларында жауын-шашын мол болып, ылғалды ауа райы сақталады.
«Қазгидромет» орталығының мәліметінше, елдің барлық аймағына көктем кешірек келеді. Ал, жұлдызшы Назарбек Қожамсейіттің болжамына сенсек, көктемнің соңғы салқыны мамыр айының 7-9 аралығында болады.
«Кей жерде 19-25 сәуір күндері дауылды жел тұрады. Осы айдың аяғы тағы салқындап, ылғал жиі түседі. Ал, Астанада мамыр айының 3, 4, 5 күндері қар жауады. 26-28 мамыр күндері кей жерлерде дауылды жел болады»,-дейді жұлдызшы.
Қазір ауа райының құбылып тұрғаны, диқаншы, малшы қауымды алаңдатып отыр. Сондықтан, жұлдызшы Назарбек байқастау керетігін айтады. «Былтыр мамырдың аяғы суық болады дегенмін. Соны тыңдамағандар, біраз малынан айырылып қалды»,-дейді ол.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жұлдызшылар ауа райын қалай болжап отыр?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97034/)