![«Театр көктемі - 2015»: Шымкенттің үздік театры темір тұлпарды тізгіндейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47392.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкент қаласының үздік театры темір тұлпарды тізгіндейді. Бұл туралы «Театр көктемі – 2015» облыстық фестивалінің ашылу салтанатында айтылды. Мәдени сайысқа жергілікті 9 кәсіби ұжым қатысуда.
Фестивальге қатысушылар «Қарлығаш әулие - Төле би» қойылымын тамашалады. Сондай-ақ, Ж.Шанин атындағы театр ұжымы Мархабат Байғұттың тарихи драмалық спектаклін ұсынды.
Биыл бесінші рет ұйымдастырылған шара Жеңістің – 70 жылдығы және Қазақ хандығының - 550 жылдығына арналған.
otyrar.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Театр көктемі - 2015»: Шымкенттің үздік театры темір тұлпарды тізгіндейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97076/)