![Охот теңізіне батып кеткен траулерде қайтыс болған отбасына бір миллион рубльден төленбек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47395.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сахалин облысының ресми өкілі Алексей Баяндин облыстың резервтегі қорынан «Қиыр Шығыс» траулерінде қайтыс болғандардың отбастарына 1 миллион рубль және құтқарылған отбасыларға 200 мың рубльден төлейтінін мәлімдеді.
«Қайтыс болғандардың отбасына 1 миллион рубль ал, зардап шеккен отбасыға 200 мың рубль төленеді. Қаржы облыстың резервтік қорынан бөлінетін болады. Сонымен қатар, экипаж мүшелерінің отбасыларына да қолдау көрсетіледі», - дейді.
«Қиыр Шығыс» траулері бейсенбі күні түнде Охот теңізінің 300 шақырымында батып кеткен. Соңғы мәліметтерге қарағанда кеме бортында 81 Ресей және 51 шетелдік азамат болған. 132 адамның 119-ы су бетінен шығарылды (56 адам қайтыс болған). 13 балықшы із-түзсіз жоғалған.
Деректер бойынша хабарсыз кеткен және қайтыс болғандар арасында 4 украиндық, 18 Мьянман азаматы, 1 латвиялық жане Вануатудың 4 азаматы бар. Қалғаны ресейлік азаматтар.
6 сәуірде Сахалинде қаралы күн жарияланбақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Охот теңізіне батып кеткен траулерде қайтыс болған отбасына бір миллион рубльден төленбек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97079/)