![Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілмек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47427.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл іс-шара ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.
Мереке елордадағы «Керуен» сауда ойын сауық орталығында тойланады. Акция аясында «Денсаулық қалашықтары» ашылып, кез-келген қатысушы медицина мамандарының кеңестерін ала алады. Спорт клубтарының өкілдерінің қатысуымен шеберлк дәрістері, түрлі конкурстар, викториналар, флеш-моб және спорттық-бұқаралық шаралар өтеді.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында Астана қаласының медициналық мекемелерінде Ашық есік күндері ұйымдастырылады. Шара барысында әрбір тұрғын жоғары санатты мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, консультацялық көмек ала алады.
astana.gov.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілмек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97111/)