![Астанада жас пианист Санжарәлі Көпбаевтың концерті өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47446.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
25 сәуір күні Астанада былтырғы «Astana Piano Passion» байқауының лауреаттары Санжарәлі Көпбаев пен Александру-Кадмиель Боцактің концерті өтеді.
Концерт «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында ұйымдастырылады. Биылғы «Astana Piano Passion» жас пианисттер байқауының аясында өтетін шара сағат 19:30-да басталады.
Айта кетейік, Санжарәлі Көпбаев былтыр «Astana Piano Passion» байқауында кіші топ арасында жеңімпаз атанса, ал румыниялық Александру-Кадмиель Боцак үлкен топ қатысушылары арасында топ жарған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада жас пианист Санжарәлі Көпбаевтың концерті өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97130/)