![Астанадағы «Керуен» сауда орталығында Денсаулық күніне арналған шара өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47476.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
7 сәуірден бастап, елордада «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!» ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді.
Шара ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылмақ.
Орталықта «Денсаулық қалашықтары» ашылып, кез келген қатысушы медицина мамандарының кеңестерін ала алады.
Спорт клубтары өкілдерінің қатысуымен шеберлік дәрістері, түрлі конкурстар, викториналар, флеш-моб, спорттық-бұқаралық шаралар өтеді.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні шеңберінде Астана қаласының медициналық мекемелерінде «Ашық есік» күндері өтеді.
Шара барысында әрбір тұрғын жоғары санатты мамандарға сауалдарын қойып, консультацялық көмек ала алады.
astana.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы «Керуен» сауда орталығында Денсаулық күніне арналған шара өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97160/)