![Астанада ертең Денис Теннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47497.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денис Тен баспасөз жиынында Қытайда өткен Әлем чемпионаты мен алдағы жоспарларымен бөліспек. Айта кетейік, Денис 2014/2015 жылғы маусымда халықаралық төрт жарыстың жүлдегері атанған.
Төрт құрлық чемпионаты: алтын медаль (Сеул, 9-15 ақпан 2015 ж).
Әлем чемпионаты: қола медаль (Шанхай, 23-29 наурыз 2015 ж.).
Trophée Eric Bombard турнирі: қола медаль (Бордо, 21-23 қараша 2014 ж).
«Алтын құлын» турнирі: алтын медаль (Загреб, 4-7 желтоқсан 2014 ж).
Баспасөз жиынына Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Төрт құрлықтың чемпионы (2015), екі дүркін Әлем чемпионы (2013, 2015) мәнерлеп сырғанушы – Денис Тен. «Астана» ПКСК бас директоры – Ю.В. Мельниченко. Және «Астана» ПКСК бас эксперті – Д.Ж Жандилдин қатысады.
Баспасөз мәслихаты сағат 15:00-де басталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ертең Денис Теннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97181/)