![Қазақ радиосының қызметкері Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлыққа ие болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47526.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Республикалық «Жалын» журналы тағайындаған 2014 жылғы Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың иегері белгілі болды.
Сыйлық Қазақ радиосының қызметкері, ақын Олжас Болатбекұлына «Осы ма гүл көктем, біз күткен?» өлеңдер топтамасы үшін берілді.
Айта кетейік, Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлық жыл сайын жасы 35-ке толмаған жас ақындарға беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ радиосының қызметкері Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлыққа ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97210/)