![Ярослава Шведова Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47535.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Теннистен АҚШ-тың Чарльстон қаласында басталған турнирде Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова бірінші айналымда швейцариялық Стефани Фегельді екі сетте 7:5, 6:2 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.
Ал, Юлия Путинцева ресейлік Евгения Родинамен күш сынасып, 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ, Қазақстанның бірінші және осы турнирдің 11-ракеткасы ретінде қатысқан Зарина Диаста алға шқы айналымда сүрінді. Ол чехиялық теннисші Луция Градецкаядан 6:4, 1:6, 3:6 есебімен ұтылды.
Турнирдің былтырғы жеңімпазы – германиялық Андреа Петкович. Әйелдер арасындағы бұл бәсеке 1973 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ярослава Шведова Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97219/)