![Шымкентте тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47581.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкенттегі Абай саябағындағы Даңқ аллеясында тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгерге арналған ескерткіш ашылды.
Салтанатты шараға қаза тапқан сарбаздардың туыстары, әскер ардагерлері және осы шекарадағы қақтығысқа қатысушылар келді.
Ескерткіш авторы - сәулетші Асқар Әзімбаев.
Арнайы ұйымдастырылған жиында Ұлттық гвардия және 65/06 әскери бөлімінің басшылығы сарбаздардың өмірлік жолы туралы әңгімелеп, шараның жас ұрпақты патриоттық руһта тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.
otyrar.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97265/)