![Астанада «Абылайдың үш арманы» атты театрландырылған іс-шара өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47641.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған онкүндікті қорытындылаған «Абылайдың үш арманы» атты театрландырылған іс-шара өтеді. Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасөз қызметі хабарлады.
Шара барысында Қазақ хандығының құрылу негізі мен хан көтеру дәстүрін насихаттау мақсатында студенттер арасында өткен брейн-ринг қорытындыланады. Қалалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген «Мен – қазақпын!» атты мәнерлеп оқудан байқау жеңімпаздарын және Астана қаласындағы мектеп оқушылары (8-11 сыныптар) арасындағы ғылыми-зерттеу жобасының жеңімпаздарын, «2015 - тарихи мерейтойлар жылы» атты студенттердің қабырға газеті байқауы жеңімпаздарын марапаттау өтеді.
Сондай-ақ, «Көнеден жеткен жәдігер» атты көне кітаптар көрмесі ұйымдастырылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Абылайдың үш арманы» атты театрландырылған іс-шара өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97325/)