«Қызды қияға...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызды қияға...»

10.04.2015
«Қызды қияға...»

«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» әрбір ата-ананың тілегі, әрі парызы. Қыз ұзату да – қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының бірі. Ата-анасының рұқсатын алған қыз балаға жігіттің ата-анасы құда түсіп келеді.

Қыздың әкесінің негізгі дайындығы – қызына беретін жасауы мен киім-кешегі, құдаларға беретін киіттердің айналасында болса, жігіт әкесі қалыңмалдың соңын беру, қыз алуға барардағы сыйлықтар, той шығыны, кәде беру және бұдан да басқа толып жатқан дайындықтар қамын жасауға кіріседі.

Алайда, бүгінде біз көріп жүрген қыз ұзату бұрынғыдан өзгерек. «Қазір оның сарқыншағы ғана қалды», - дейді көпті көрген қариялар. Сіз қалай ойлайсыз?

Ұзатылғалы отырған қыз. Қыз ұзатуға дайындық. Тойды ұйымдастыру мен қыздың көйлегі туралы детальдар, шығын мен тойдың қызықтары. Мұның барлығы бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» қамтылмақ.  Хабар соңында кейіпкер өз ұзатылуына аттанады.

Хабарламаларға жазылу