![Баянауыл ауданы Теңдік ауылындағы бірнеше шаруашылық нысандарын су басты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47704.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Теңдік елді мекенінің әкімі Қалым Әмиевтің хабарлауынша, қазіргі таңда оқиға орнындағы суды ағызу жұмыстарына МТЗ маркалы төрт трактор мен «Серпіліс» ЖШС-нің 3 ауыр техникасы жұмылдырылған.
«Теңдік ауылына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 22 маманынан құралған топ бағытталды. Сонымен қатар, 6 құтқару техникасы және өзге де құралдар жұмылдырылды. Бүгінде судың деңгейі 20 сантимерді құрап отыр. Төтенше жағдайдың салдарынан 50 бас ірі қара мал мен 40 қой-ешкі қауіпсіз жерге жеткізілді. Әзірге мал шығыны тіркелген жоқ», - дейді ведомствоның баспасөз қызметінің маманы Әлия Темірова.
Фото: pavlodarnews.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баянауыл ауданы Теңдік ауылындағы бірнеше шаруашылық нысандарын су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97388/)