![Астанада «Кенесары хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты конференция өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47740.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
8 қазанда Астанада Е.Бекмаханов және І.Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойларына арналған «Кенесары хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты.
Негізгі мақсат – қазақ тарихында маңызды орын алатын, ұлттық руһ беретін тұлға Кенесары Қасымұлының өмірі мен қазақ мемлекеттілігін сақтаудағы іс-қызметі бойынша жүргізілген ғылыми ізденістерге талдаулар жасап, болашақта атқарылатын мәселелерді анықтау.
Конференция К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын зерттеудің тарихнамасы; Тарихи және фольклорлық деректердегі Кенесары бейнесі; Хан Кене және ұлт-азаттық қозғалыс: этно-археологиялық ізденістер бағыттары бойынша ұйымдастырылмақ.
Шара барысында Е.Бекмаханов және І.Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған «Алаш рухты тұлғалар» атты көрменің тұсаукесері өтпек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Кенесары хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты конференция өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97424/)