![Еріген қар суының салдарынан Қазақстанның төрт аймағындағы жолдар жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47745.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақмола облысында еріген қар суының жолды басу салдарынан Астана қаласы мен Қарағанды облысы шекарасына (1275-1353 км а/ж «Алматы-Екатеринбург») учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Қарағанды облысында Қарағанды қаласы мен Балқаш қаласы (1488-1854 км а/ж «Екатеринбург-Алматы»); Теміртау қаласы мен Ақмола облысы шекарасына (266-51 км а/ж «Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау»); Ботақара ауданы мен Павлодар облысы шекарасына (0-93 км а/ж «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский»); Топар ауданы мен Жезқазған қаласы (906-433 км а/ж «Қызылорда-Павлодар»); Қарағанды қаласы мен Ақмола облысы шекарасына (1038-1142 км а/ж «Екатеринбург-Алматы») учаскелерінде барлық жол жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында 140 км а/ж «Семей-Қайнар»; 973-1050 км а/ж «Алматы-Өскемен» учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Павлодар облысы Майқайың кенті мен Қарағанды облысы шекарасына (93-265 км а/ж «Ульяновск-Керей-Үміткер») учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еріген қар суының салдарынан Қазақстанның төрт аймағындағы жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97429/)