![«Астана» Ұлттық сурет галереясында инклюзивті білім беруге арналған фотокөрме өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47780.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
15 сәуір күні, сағат 17.00-де «Астана» Ұлттық сурет галереясы және «Ашық Әлем» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстандағы ерекше білім қажеттілігін талап ететін балаларға инклюзивті білім беруді дамытуға арналған қайырымдылық шаралары өтеді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ, қалалық Білім басқармасының қолдауымен өтетін шаралар аясында «Бәрімен бірге болғым келеді!» атты фотокөрме ұйымдастырылмақ.
Мақсат - қоғам назарын инклюзивті білім беру мәселелеріне аудару.
Көрмеге аутизм дертіне шалдыққан балаларды өз жұмыстарында көрсеткен жас фотограф Артур Ыдырысовтың туындылары қойылады.
Сондай-ақ, шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары қатысады.
Көрме 22 сәуірге дейін жалғасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» Ұлттық сурет галереясында инклюзивті білім беруге арналған фотокөрме өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97464/)