![«Шалқар-Ақтөбе» және «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының терезесін сындырғандар ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47797.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көліктегі полиция қызметкерлері Ақтөбе облысында болған жолаушылар пойызының терезесін сындыру оқиғасына қатысты кінәлілерді анықтады.
Қандыағаш станциясы желілік ІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қалааралық «Шалқар-Ақтөбе» және «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойыздың бірнеше вагонының терезесін сындырған Бершоғыр станциясының төрт тұрғыны ұсталды.
Алайда, қолға түскендер әрекеттерінің себебін түсіндіре алмаған. Тәртіпсіздіктен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 294-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шалқар-Ақтөбе» және «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының терезесін сындырғандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97481/)