![Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47823.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
15 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды newskaz.ru.
Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында тұман болып, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді.
Ал, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні күшейіп, 15-23 метр/секундқа жетеді.
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде тұман түседі, деп болжануда.
Қазгидрометтің хабарлауынша, дәл қазір Астанада +4 градус жылы, тұман. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні – 1 метр/секунд.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97507/)