![Астанада допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47874.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елодадағы «Алау» мұз сарайында 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа Астана, Орал, Петропавл және Хромтау қалаларының құрамалары қатысуда.
Қазақстан құрамасы допты хоккейден әлемдегі ең мықты командалардың бірі. Спортшылар 2011 жылы 7-ші Азия ойындарында алтын және Әлем біріншіліктерінде алты бірдей жүлдеге қол жеткізген.
«Бұл өте тартымды спорт түрі. Бізде талантты жастар көп, бірақ олардың өнерін дамытуға мүмкіндік аз», - деді Астана құрамасының бапкері Валерий Скучалин.
Біріншілік аптаның соңына дейін жалғасады. Чемпионатта үздік деп танылған құрама 2017 жылы өтетін Универсиадада ел намысын қорғайтын болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97558/)