![Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47882.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кездесу барысында қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі нығайту, байланыстардың кең ауқымы бойынша өзара ықпалдастықты арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды akorda.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету жолдарын қарады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттарды да қозғады.
Қазақстан Президенті екі ел арасында орнаған достық және бауырластық қарым-қатынас өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.
«Сіздің басшылығыңызбен Түркия соңғы 12 жылда зор табыстарға жетті. Ол экономикалық көрсеткіштері жағынан әлемде 16-орында, бұл – бүкіл халықтың еңбегі және Сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесі. Сізбен бірге үлкен делегация келді, олар бүгін екіжақты бизнес форумға қатысады. Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін», – деді Қазақстан Президенті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97566/)