![Таразда «Мен алғаш рет дауыс беремін!» атты жастар форумы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47923.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Мен алғаш рет дауыс беремін!» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды ТарМПИ Баспасөз қызметі.
Институтта барлығы 6 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 1350-і биыл алғаш рет сайлауға қатысып, таңдау жасайды.
Тараздық студенттер қазақстандықтарды еліміздегі маңызды шаралардан тыс қалмауға және өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіруге үндеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда «Мен алғаш рет дауыс беремін!» атты жастар форумы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97607/)