![«MediaShift» сандық медиаға қатысты тренингтер өткізеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47943.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«PBS MediaShift» Миссури университеті жанындағы Дональд Рейнолдс атындағы Журналистика институы және онлайн-конференциялар өткізуге арналған BigMarker платформасымен бірлесіп «DigitalEd» онлайн-тренингтер сериясын бастады.
Қатысушылар әр апта сайын тікелей эфирдегі бір сағаттық онлайн-тренингтерден сандық журналистика саласындағы тәжірибелік білімдерін жетілдіре алады.
22 сәуір (Астана уақытымен 23.00-де) Миссури университеті журналистика мектебінің профессоры Джой Майер «Сіздің маңызды контентке ықпалыңыз» тақырыбы бойынша курс өткізеді.
Қатысушылар 29 сәуірде (Астана уақытымен 23.00-де) Миссури журналистика мектебінің оқытушысы Джадд Сливканың «Оқиға орнында «мобильді ниндзя» болудың жолдары» тақырыбындағы семинарына қатыса алады.
Әрбір тренингке қатысу құны - 39 АҚШ доллары. Тіркелу жалғасуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«MediaShift» сандық медиаға қатысты тренингтер өткізеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97627/)