![Шымкентте «Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47950.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Әуезов оқулары» конференциясы аясында бас қосқан ғалымдар еліміздің индустриялық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы стратегиялық қадамдарды талқылады.
Конференция секцияларының жұмыстары түрлі тақырыпта өрбіді. Әсіресе, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі форматындағы жаңартылған энергетиканың келешек бағыттарын жетілдірудің, құрылыстың, химиялық технологиялардың, мұнайхимияның билогоия мен нанотехнологиялардың инновациялық бағыттарына басымдық берілген.
Конференцияға ұзын саны 770-тен астам мақала түскен. Оны талқылауға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Ресей, Польша, Қытай, Малайзия, Түркия, Корея және тағы басқа елдерден келген ғалымдар қатысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте «Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97634/)