![«Капитан қоқиқаз» балаларды қорғайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47964.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетіліп жатқан «Капитан қоқиқаз» мультхикаясы балалардың қорғаушысы Майло Пауэлл туралы. Ол үлкендер билік ететін әлемде балалардың құқығын қорғау туралы көп ойланады.
Осы мәселені жан-жақты зерттеген Майло балалардың мәселелерін өзі шешуге бел буады. Осылайша, ол «Капитан қоқиқаз» атты балалар қорғаушысына айналады.
Режиссер Кевин Гиллистің «Капитан қоқиқаз» туындысының 22, 23-бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:00-де тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Капитан қоқиқаз» балаларды қорғайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97648/)