![Өкпенің қатерлі ісігі мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47993.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23-24 сәуір күндері Алматыдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында өкпенің қатерлі ісігі проблемалары бойынша халықаралық конференция өтеді.
Аталмыш конференцияның мақсаты - өкпенің қатерлі ісігіне байланысты жағдайды жақсарту мәселесін шешудің жолдары, өміршеңдікті арттыру және басқа да өзекті сұрақтарды талқылау мен тәжірибе алмасу.
Конференция аясында өкпенің қатерлі ісігінің алдын-алу, оны хирургиялық жағынан емдеудегі инновациялық тәсілдері, интраоперациялық радиологияны қоса алғанда таргетті және радиациялық терапияның жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ, сауықтырудың қолданбалы сұрақтары мен паллиативті көмек көрсету жолдары қарастырылады.
Шараға Франция, Италия, Түркия, Израиль, Ресей және Өзбекстанның атақты мамандары өкпе рагының өзекті тақырыптары бойынша лекциялар оқып, қазақстандық онколог-дәрігерлерге апталық шеберлік сыныбын өткізеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өкпенің қатерлі ісігі мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97677/)