![«Мереке» әскери-спорттық балалар лагері сарбаз қабылдауды бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48046.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Мереке» әскери-спорттық балалар лагері 8-17 жас аралығындағы балаларды демалуға шақырады. Мұнда демалушылар әскери өмірдің қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алады.
Себебі балалар лагерьде палаткада өмір сүріп, әскери тәртіппен жүреді.
Демалушылар медициналық көмек көрсету, өзенді жүзіп өту, алау жағу және өзін-өзі қорғауды үйренеді. Сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді.
Айта кетейік, демалыс орны Алматы-Қапшағай жолында орналасқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мереке» әскери-спорттық балалар лагері сарбаз қабылдауды бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97730/)