![Астанада құс шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48114.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада Қазақстан құс шаруашылығы одағы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен әр жұма күндері «Шапағат» сауда орталығында құс фабрикалары өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде апта сайын 10-15 құс шаруашылығы өз өнімдерін ұсынады.
Осы жұмада Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының құс шаруашылықтарының өнімдері сатылымға шығады. Өнім сапасына қарай он жұмыртқа 100-150 теңге аралығында, ал құс еті 1 кг үшін 400-450 теңге аралығында болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада құс шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97798/)