![Ертең Астанада жылдың үздік ауыр атлетін марапаттау рәсімі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48120.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлердің интернет дауыс беруі арқылы 2014 жылдың үздік ауыр атлетшісін анықтады. Дауыс беру барысында әлемнің 46 елінен 2000-ға жуық дауыс тіркелді.
Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян және IWF бірінші вице-президенті Нику Влад қатысады.
Марапаттау рәсімі Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы 54, ҚР Ұлттық музейінде өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең Астанада жылдың үздік ауыр атлетін марапаттау рәсімі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97804/)